Алматыда 7 ошақтан коронавирус қаупі сейілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 7 ошақтан коронавирус қаупі сейілді.

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 29 наурыз, сағат 13:30 жағдай бойынша Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның 21 ошағы бар. Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 7 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды.

Атап айтқанда, Медеу ауданындағы – Зенков көшесі 59; Достық көшесі 162; Түрксіб ауданындағы – "Алтай" ықшамауданы -1, 8; "Жас қанат" ықшамауданы 86; Майлин көшесі 77; Спасский көшесі 63а, Жетісу ауданындағы Еңлікгүл 34 А мекенжайларында шектеу шаралары алынды.

Дәл қазір Әуезов ауданында 2 ошақ: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданы бойынша 5 ықшамауданда инфекция ошақтары тіркелді. Олар Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой, 234 көшесі; Ақкент 7 ықшамауданы; Ақбұлақ ықшамауданы 9, Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр 121.

Алмалы ауданында Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы бар.

Медеу ауданы бойынша 4 ошақ тіркелген. Олар – Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықшамауданы 45 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы тіркелген.

Түрксіб ауданындағы 2 ошақ: Жұлдыз ықшамауданы, 45; Жұлдыз ықшамауданы -1, 13 мекенжайларында тіркелді.

Бостандық ауданында бір ошақ – Тұргыт-Озал, 242 бар.

Наурызбай ауданы бойынша бір ошақ: Береке көшесі, 1/97 бар.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы