Алматыда 600 оқушы қыз АПВ-ға қарсы вакцина алды
Мегаполисте өткен жылы жатыр мойны обырының 206 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы Онкология орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекова ӨКҚ-де мәлімдеді.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап мектептерде ата-аналарының келісімімен жасөспірім қыздарды вакциналау бағдарламасы басталды. 30 қыркүйек пен 14 қаңтар аралығында Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцина алды. Жүргізілген зерттеулер вакциналар ұзақ мерзім қорғайтынын көрсетті. Зерттеулерде вакцинаны енгізгеннен кейін 10 жыл ішінде вакциналардың иммуногенділігі төмендемегені дәлелденді. ДДСҰ бұл вакцинаны қауіпсіз және тиімді деп мақұлдады,- деді Райхан Болатбекова.
Әлемде 2020 жылы бұл аурудың 604 000 жаңа жағдайы тіркелді, бұл белсенді профилактиканың қажеттілігін көрсетеді. Республикада ЖМО онкологиялық аурулар бойынша екінші орында, жыл сайын 2000-нан астам жаңа жағдай тіркеледі.
Жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі-адам папилломавирусы. Аурудың 97% - ы осы вируспен байланысты. ЖМО ерте анықтау және АПВ алдын алу аурудың даму қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Алматыда 2024 жылы жатыр мойны обырының 206 жағдайы анықталды. Ауру негізінен репродуктивті жастағы әйелдерге әсер етеді, 40-44 жастағы әйелдер арасында көбірек кездеседі,- деді Алматы Онкологиялық орталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекова.