Алматыда 600-ге тарта бала мектепке қажетті керек-жарағын алды

Алматының Медеу ауданында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын тауып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық мәдениет және демалыс саябағында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп керек-жарақтары мен киімдері табыс етілді.

 Мектепте акцияны ұйымдастыруға байланысты арнайы бұйрық шығарылып, атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітілген еді. Жоспарға сай, қайырымдылық қабырғасы жасалды. Бұл ретте, білім алуға қажетті барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстарының жүргізілгенін айта кеткен орынды. Мектеп мұғалімдері ауданында орналасқан әртүрлі жұмыс орындарына рейд жүргізіп, көмекті қажет ететін оқушылардың тізімін анықтады, – деді М.Жұмабаев атындағы №137 ЖББ мектептің әлеуметтік педагогы Нұрбол Ерболұлы.

«Мектепке жол» акциясы шеңберінде ХӘОТ санатынан шықан 1213 оқушылардың әрқайсысының есепшотына бюджет қаражаты есебінен 43 000 теңге көлемінде мектеп формасын алу үшін жалпы сомасы 52 млн теңге жіберілді.

 Бұл іс-шараның мақсаты – аз қамтылған отбасылардың балаларына жәрдемдесу. Сондай-ақ осы жылы 600-ге тартқа бала мектепке қажетті керек-жарағын алды. Бұл шаруаны атқаруға жаны жомарт жандар – кәсіпкерлер мұрындық болды. Осының өзі балаларға деген үлкен көмек, – деді Медеу аудандының Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев.

Барлық қатысушыларға мектеп формасын алу үшін сертификаттар берілді, мектеп сөмкесі негізгі кеңсе тауарларымен толтырылды және қосымша балаларға аттракциондарға билеттер тегін берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы Медеу ауданының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы