Алматыда 600-ден астам адам жер сілкінісі симуляторында практикалық жаттығудан өтті

Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай алматылық оқушылар 5 баллға дейінгі жер сілкінісін «сезініп», көпбейінді өрт сөндіру машинасымен жоғары көтеріліп, өрт гидрантынан су шашып көрді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Алматы қаласының құтқару қызметі» және ҚР ТЖМ бөлімшелерімен бірге «Құтқарушылар» аллеясында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында өрт  сөндіру бөлімшелері 20 бірліктен астам өрт-техникалық мүлігі мен жабдығын және авариялық-құтқару техникасының тәжірибелік көрсетілімін ұйымдастырды. 

Сонымен қатар халыққа және оқушыларға жылжымалы платформадағы ерекше тренажер – жер сілкіністерінің симуляторы көрсетілді. 5 балға дейінгі жер дүмпулері, сондай ақ жер сілкінісі кезінде дұрыс іс-әрекеттер туралы  Азаматтық қорғау аға офицері Буғабаев Бекболат түсіндіріп берді.

Азаматтық қорғау айлығы аясында, 14 ақпан мен 1 наурыз аралығында балабақшалар мен мектептерде 3 мың 483 сурет байқауы, 668 өлең байқауы, балалардың қатысуымен 865 спектакль, Қауіпсіздік әліппесі бойынша 1552 әңгіме, өрт қауіпсіздігі, жер сілкініс кезіндегі іс-ірекеттер бойынша 686 дидактикалық ойын өткізілді,-делінген хабарламада. 

Мектептер мен балалар үйлерінде «ауданның, облыстың үздік мектебі» байқауына іріктеу жүргізілді, 786 салтанатты іс-шара, 928 ашық сабақ, 503 семинар, 1476 интерактивті сабақ өткізілді, 712 қабырға газеттері мен ақпараттық бұрыштар дайындалды, 306 спорттық эстафета өткізілді.

Бұл шара 15 науырызға дейін жалғасады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы