Алматыда 60-тан астам адамға ас берген дәмхана жабылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Эпидемиялық тексеріс кезінде 152 нысанның жұмысы тоқтатылды. Оның ішінде екі дәмхана бар. 

Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қазір ауру белгісі жоқ науқастардың саны өсіп жатыр. 

Симптомсыз тіркелгендердің 80,4% - жұмыс істейтін адамдар. Яғни, мекемедегі ұжым мүшелерінің ауру жұқтыру тәуекелі жоғары, - дейді Бекшин. 

Сөз арасында ол қалада науқастар ең көп тіркелген аудандарды атап өтті. Медеу ауданында – 723 оқиға, Алмалы ауданында – 504, Бостандық ауданында - 463 жағдай тіркелген.

Қаладағы нысандардың эпидемиологиялық жағдайға дайындығы күнделікті тексерілуде. Ережені ұстанбағандарға ескертулер беріледі. Осындай тексеріс кезінде 152 нысанның жұмысы тоқтатылды. Бұл жалпы тексерілген нысандардың 5,8% құрайды. Оның ішінде 135 субъекті ескерту алған соң өз бетінше тоқтатылды. Біздің департаменттің аудандық бөлімшелері 19 нысанның жұмысын тоқтатты. Наурызбай ауданында екі дәмхана жабылды. "Панорама" және "Алматы" дәмханасы карантин талаптарын сақтамай, бетпердесіз әрі 60-тан астам адамға ас берген, - деді ол.
Бұған дейін Алматыда коронавирус індетін жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастардың саны артқаны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы