Алматыда 57 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Алматыда Сүйінбай даңғылы бойындағы Гаршин көшесінен Бекмаханов көшесіне дейінгі аралықтағы құбырды ауыстыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл қайта жөнделген бөліктің ұзындығы 644,5 метр. Ауыстырылған құбыр 1967 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 3 көпқабатты тұрғын үй мен 1 жеке үйді жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Жалпы, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада 20 шақырым жылу жүйесі қайта жаңғыртылуда. Алматының 6 ауданында жылытуаралық кезеңге жоспарланған қайта құру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Жылу желілерін қайта құру жүргізілген аумақтарды абаттандыру ауа райына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да «Шығыс салбурыны» халықаралық бүркітшілер фестивалі өтеді
Өзгелердің жаңалығы