Алматыда 50 000-нан астам контрафактілік тауарлар тәркіленді
Адвокаттар 19 763 азаматқа тегін заң көмегін көрсеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева мәлімдеді.
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті. Статистика көрсеткендей, өткен жылы Алматы қаласында отбасы құрғандар саны +12,09% - ға, некені бұзу 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +1,38% - ға ұлғайды. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша жұмысты ұйымдастыру нәтижелері бойынша адвокаттар 19 763 азаматқа тегін заң көмегін көрсетті. Осылайша, индикатор 100%-ға жетеді. Инттелектуалды меншік құқығын қорғау: 2024 жылы зияткерлік меншікті қорғау саласында жоспардан тыс 109 тексеру жүргізілді. 58 миллион теңге болатын 50 000-нан астам контрафактілік тауарлар тәркіленді, - деді Балайым Кесебаева.