Алматыда 5 мыңға жуық қыз АПВ-ға қарсы вакцина алды

Мегаполисте 11 жастағы 1979 қыз және 12-13 жастағы 2931 жас өспірім вакцинацияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.

Елімізде АПВ-ға қарсы АҚШ-тың 4 валентті “Гардасил” вакцинасын қолданады.

Қала бойынша АПВ - ға қарсы бірінші дозамен барлығы 4910 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста - 1979 және 12-13 жаста - 2931 қыз вакцинацияланды. Вакцинацияланған қыздар арасында вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген. Вакцинада тірі вирустар жоқ, инфекцияны тудырмайды және репродуктивті функцияға әсер етпейді. ДДҰ 9 жастан 14 жасқа дейінгі қыздарды, жыныстық қатынас басталғанға дейін вакцинациялауды ұсынады,- деді Әсел Қалықова.

Елімізде жыл сайын 1900 - ге жуық әйелде жатыр мойны обыры анықталады, оның ішінде 600 әйелде қолайсыз нәтиже көрсетіледі, статистикаға сәйкес, күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.

АПВ-ның 200 - ден астам түрі белгілі, олардың 40-тан астамы жыныс аймағына әсер етуі мүмкін және кем дегенде 14 - і онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін. АПВ - ға қарсы Вакцинация баланың өміріндегі маңызды қадам болып табылады, өйткені олонкологиялық аурулардың алдын алудың тиімді, қауіпсіз әдісі және көптеген жылдар бойы қорғауды қамтамасыз етеді!,- деді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы