Алматыда 450 мыңға жуық адамға 42 500 теңге берілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша жалпы сомасы 18,8 млрд теңгені құрайтын 42 500 теңге көлеміндегі ай сайынғы төлем 441 736 адамға төленді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
42 500 теңге көлеміндегі төлемдер - ең төменгі мөлшердегі бір жалақы. Бұл төлемді төтенше жағдай кезінде кірістен айырылған азаматтар алды. ТЖ режимі Қазақстанда 2 айға ұзарып, тұрғындар аталған әлеуметтік көмекке екі рет ие болды.
Алматы қаласы бойынша жалпы сомасы 18,8 млрд теңгені құрайтын 42 500 теңге көлеміндегі ай сайынғы төлем 441 736 адамға төленді. ТЖ режімінің бірінші айында 371 933 адам бұл көмекті алса, екінші айда - 69 803 адам алды, - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, өтініштерді қайта қарау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Әлеуметтік төлем алуда өтініштері кері қайтарылған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілген. Ол үшін азаматтарға кірістен айырылғанын растайтын құжаттары мен өтініштерін штабқа өткізу қажет. Өтініш беру үшін азаматтар Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына келуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы