Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Алматыда Саин – Төле би – Өтеген батыр – Райымбек көшелерінің ауқымындағы аула іші аумағы бойынша төселген құбыр ауыстырылды. Биыл жаңғыртылған учаскенің ұзындығы 901 метрді құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Ауыстырылған құбыр 1983 жылы пайдалануға берілген еді, ол 17 көппәтерлі тұрғын үйді, 2 жеке тұрғын үйді, 1 балабақшаны және басқа да 4 нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.
Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталары" сервистерінде орналастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Келесі жаңалық
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Өзгелердің жаңалығы