Алматыда 400-ге жуық жасөспірім ІІО есебіне алынды
Алматыда 653-тен астам жасөспірім өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналасқан. Ал 23 ата-ана құқығынан айырылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының полиция Департаментінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова атап өтті.
Алматы қаласында ПД-да кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 230 полиция инспекторы жұмыс істейді. Негізгі міндет – кәмелетке толмағандардың құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау. Бұдан бөлек, қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды қамқорлыққа алу. Комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғауға бағытталған 250 материал қаралды. Нәтижелері бойынша 23 ата-анаға ата-аналық құқығынан айыру түрінде төтенше шара қолданылды, 539 (2022 ж.-322) ата-ана бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Арнайы білім беру ұйымына сот шешімімен 9 жасөспірім жіберілді. Құқық бұзушылықтың алдын алудың пәрменді шараларының бірі кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады, – дейді Жанна Шонжанова.
Спикердің мәліметінше, бүгінде ІІО есебінде 393 кәмелетке толмаған жеткіншек пен 583 тұрмысы нашар отбасы тұр. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болғаны үшін 5640 ата-ана жауапкершілікке тартылған.
Барлық оқу жылы ішінде бекітілген кестеге сәйкес білім беру ұйымдарының оқушыларымен кездесулер өткізіледі, балаларға жолдарда абай болу керектігі айтылды. Бүгінгі таңда ІІО есебінде 393 кәмелетке толмаған жеткіншек пен 583 тұрмысы нашар отбасы тұр. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 653 кәмелетке толмағандар орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында (сағат 22.00-ден кейін) және тұрғын үй-жайлардан тыс (сағат 23.00-ден кейін) түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болғаны үшін 5640 (2022ж.-4627) ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Алматы қаласының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
Еске сала кетейік, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс Алматы қаласы ПД басшылығының ерекше бақылауында.