Алматыда 40 студент коронавирус жұқтырған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 40 студент коронавирус жұқтырған, ал мектеп оқушылары – 15, басқа елден келгендер – 38. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, 21 сәуірде сағат 23.00 кезіндегі жағдай бойынша Алматы қаласы аумағында 693 коронавирустық инфекция тіркелген.
Вирус жұқтырғандар ішінде 40 студент бар, ал мектеп оқушылары – 15, басқа елден келгендер – 38, шекара қызметі академиясының курсанттары – 67, авиация қызметкерлері – 2, зейнеткер – 40, жұмыс істемейтіндер – 55. Ең басым контингент медицина қызметкерлері – 383 жағдай. Оның ішінде Орталық қалалық клиникалық ауруханада – 263 жағдай тіркелген. Сондықтан бірінші кезекте медицина мамандарына назар аударып жатырмыз. Өкінішке қарай осы аурулардың арасында 7 санитарлық қызмет өкілі бар. Себебі олар да алғы шепте жұмыс істеп, күдікті адамдардан сынама алуда, - деді Бекшин.Сонымен қатар, ол вирус жұқтырғандардың жас мөлшеріне тоқталып өтті. 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 3,1% екен.
Ересектердің арасында ауру басым, оның ішінде 15-19 жас 43 жағдай немесе 6,3%. 20-29 жас аралығындағылар – 212 жағдай, бұл 31,3% құрайды. 30-39 жас аралығындағылар – 129 жағдай немесе 19%. 40-49 жастағылар – 116 немесе 17%, 50-59 жас – 115 жағдай, бұл да 17%. Ал 60 жастан жоғарылар -42 жағдай немесе 6,2 %.
Қазіргі уақытта 12 400 байланыста болған адам анықталды, оның 2 248-і жақын байланыста болған, қалған 10 мыңы әлеуетті байланыста болғандар қатарында. Қазір де алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. №12 клиникалық перзентхананың 400-ден астам қызметкері карантинде болды. Олардың ішінде 174 адам вирус жұқтырған, 249-ның нәтижесі теріс болды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы