Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды
Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Алматыда 40 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Көші-қон қызметі хабарлағандай, шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған. Олардың заңсыз жүргендері “Учаске” іс-шарасы барысында анықталды.
Бір аптаның ішінде 216 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 38 алыс шетел азаматтары (Африка құрлығы елдерінен – 17 және Түркия – 11), сондай-ақ 178 көршілес елдердің азаматы. Сонымен қатар 105 шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжаты болмай, қабылдап-таратуға орналастырылды. Өзбекстаннан – 66, Тәжікстаннан – 25 және Нигериядан – 8. Сот шешімімен Қазақстаннан 40 шетелдік шығарылды, оның 22-сі Өзбекстан азаматы, 11-і Нигерия азаматы, – деді, Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, шетел азаматтарын қабылдаған 54 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.