Алматыда 4 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы күнделікті орташа температура +8 градустан жоғары мөлшеде белгіленген. Осыған байланысты қала билігі жылыту маусымын 2019 жылдың 4 сәуіріннен бастап тоқтату шешімін қабылдады. Бұл жайында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-сі мәлімдеді.
Жарлыққа қол қойылып, қызмет көрсетушілерге жіберілген.«Жылу есептегіш құралдармен жабдықталмаған үйлердегі жылу энергиясын тұтынушылар үшін осы жылыту масымы бойынша есеп қайта қаралады. Және артық төлем 1 маусымға дейін қайтарылады», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Алматыда 8200-ден аса көпқабатты үй бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкент. «Әлеуметтік қамқорлық» аясында баспана алу мүмкіндігі
Өзгелердің жаңалығы