Алматыда 4 ойын залы мен букмекерлік кеңсе жабылды

Мегаполисте 2023 жылы 1500-ден астам ойын терминалы жойылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқарма басшысы Сәкен Кондубаев мәлімдеді.

Департамент 2023 жылы заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл желісі бойынша 14 қылмыстық істі тіркеді. 4 ойын залы, 1 букмекерлік кеңсе (4 букмекерлік касса) 5 жасырын казино, заңсыз ойын терминалы бар 1 нүкте, 1 онлайн-казино, әлеуметтік желілер арқылы құмар ойындарды таратудың 2 фактісі тоқтатылды. Заңсыз айналымнан: 111 монитор, 102 процессор, ойын терминалы, 37 ұялы телефон, 6 бейне-ресивер, 923 500 теңге және 500 АҚШ доллары көлемінде ақша алынды. 2023 жылы 1500-ден астам ойын терминалы жойылды,- деді басқарма басшысы.

Әлеуметтік желілерінде заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырушылардың қызметі тоқтатылды.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес саласында Департаментпен 5 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. 4 онлайн-казино мен бір заңсыз ойын залының қызметі тоқтатылды. Тикток, Instagram әлеуметтік желілерінде заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырушылардың қызметі тоқтатылды, - деді Сәкен Кондубаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы