Алматыда 4 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы вакцина алды
Елімізде АПВ-ға қарсы АҚШ-тың 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолданады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.
Қала бойынша АПВ-ға қарсы бірінші дозамен барлығы 4682 қыз вакцинацияланды, оның ішінде 11 жаста - 1909 және 12-13 жаста - 2773 қыз вакцинацияланды. Вакцинацияланған қыздар арасында вакцинациядан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген. Елімізде жыл сайын 1900-ге жуық әйелде жатыр мойны обыры анықталады, оның ішінде 600 әйелде қолайсыз нәтиже көрсетіледі, статистикаға сәйкес, күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады, - деді Әсел Қалықова.
АПВ-ның 200-ден астам түрі белгілі, олардың 40-тан астамы жыныс аймағына әсер етуі мүмкін және кем дегенде 14-і онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда мұнай-газ саласында неше адам жұмыс істейді
Өзгелердің жаңалығы