Алматыда 4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 8 мыңнан астам ағаш, оның ішінде 4515 жеміс көшеті отырғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала әкімі Ерболат Досаев жеміс ағаштарын отырғызуға атсалысты. Қаланың барлық ауданында ағаш пен бұтаның көшеті отырғызылды. Жаңа Сайын көшесінің шығыс жағындағы ҮАК бойындағы саябақта қала басшысы Ерболат Досаев көшет екті. Қала тұрғындарымен, қоғам қайраткерлерімен және эко-белсенділермен бірлесіп Алатау ауданының аумағында 500 алма және 500 өрік көшеті отырғызылды.
Алма бағы 2270 көшет отырғызылған «ALA» саябағында да пайда болды. Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңына тағы 1000-ға жуық жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. Қаланың әр жерінде аудан әкімдіктері алма көшетін екті, оның 1245 жеміс, 90 жапырақты ағаш және 2600 бұта, атап айтқанда сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы