Алматыда 4 млн теңгенің грантын білім беру стартапы ұтып алды
Алматы қаласының тұрғыны Саят Нұрлы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында өтеусіз грант ұтып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Qoldaý кәсіпкерлік орталығының менеджерлері жобаға кеңес пен қолдау қызметін көрсетті.
Пікірлес адамдармен бірге ол https://grafen.kz/ онлайн оқыту платформасын әзірледі. Grafen платформасына ақылы бейне оқулықтар жүктеуге, презентация көрсетіп, курс оқушыларына онлайн сабақтар өткізуге болады.
Алғашқы өнімді шығаруға және тестілік режимде іске қосуға 1 жыл керек болды.
Қолдау үшін Qoldaý кәсіпкерлік орталығына жүгінген.
Бұл күтпеген оқиға болды, біз мемлекеттік қолдау көрсетудің іс жүзінде қалай болатынын білмедік. Бірақ орталық қызметкерлері түсіндірді, бизнес жоспарды тегін жасауға көмектесті, көрсетті, біз оларға өте ризамыз. Соның нәтижесінде біз жобамызға қажетті техника сатып алуға 4 млн теңге ұтып алдық, - деді Саят Нұрлы.
Қазір Grafen отандық платформасында 1 мыңнан астам белсенді пайдаланушы бар.