Алматыда 4 көлікті соғып өткен жүргізуші қашып кеткен

Алматы тұрғыны жаппай жол апатын жасап, төрт көлікті соққан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 5 қыркүйекке қараған түні Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

Сағат 01:35 шамасында Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Сайын көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, Шаляпин қиылысында арақашықтықты сақтамай төрт көлікті соққан. Оқиға орнында Nissan, Toyota Land Cruiser, Prado және Chevrolet автокөлігінің иелері зардап шеккен. Кінәлі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен, - деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Қазір полиция департаменті Mercedes автокөлігінің иесін іздестіріп жатыр. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы