Алматыда 361 мыңнан астам адам 42 500 теңге алды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы бойынша 361 548 адам 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алды, бұл 15,4 млрд теңгені құрайды.
Жалпы өтініш білдіргендер саны 830 315 адам. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Рахат Шимашева брифинг барысында айтты.
Сонымен қатар, ол Алматыда төтенше жағдай режимі кезінде 62 мыңға жуық азаматқа әлеуметтік көмек берілгенін айтты. Бұл көмекті алғандар қатарында І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер, отбасында мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар, атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасылар, жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған азаматтар бар.
Сонымен бірге Nur Otan партиясының бастамасымен BizBirgemiz жобасы аясында да 50 мың теңге көлемінде қаржылай қолдаулар көрсетіліп жатыр. Оны 23 мыңнан астам қала тұрғыны алды, енді екінші кезекте тағы 29 мыңнан аса адам осы көмекті алады. "Жаңа Алатау" қорының көмегімен 10243 адамға азық-түлік салынған себеттер берілді. Бұл жұмыстар жалғасын табады. Қала әкімінің тапсырмасымен тағы 4 мыңдай адам азық-түлік себетімен қамтылады. Оны бірінші кезекте аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер және call-орталыққа хабарласып, көмек сұраған адамдар, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерлан Саиров: Бүгін - қазақ қазақ болған күн!
Өзгелердің жаңалығы