Алматыда 36 полиция пункті ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 36 жаңа учаскелік полиция пункті пайда болады. Бұл туралы Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы полициясы қала әкімдігінің қолдауымен учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсартудың үш жылдық кешенді жоспарын жасады, соның ішінде 36 полиция пунктіне ғимарат бөлді.
Шаһардың полиция бастығы, сонымен қатар, кешенді жоспарды жүзеге асыру үш кезеңде жүзеге асырылатынын және 2021, 2022 және 2023 жылдарға арналғандығын атап өтті.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында реформалар мен «полиция жақын маңда» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Мұнда басты рөл учаскелік полиция қызметкеріне жүктеледі. Ол тұрғындарына жақындай түсуі керек, танымал, қол жетімді, азаматтар үшін беделді және олардың құқықтарын қорғайтын болуы тиіс. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін біз учаскелік полиция пунктеріне қажетті ғимарат жоқ жерлерде 36 орынды анықтадық. Қарқынды дамуды және Алматы облысының бірқатар елді мекенннің қалаға қосылуын ескерсек, бүгінгі таңда бұл кезек күттірмейтін қажеттілік. Полицияның жаңа пунктерінің ашылуы полицияның тұрғындармен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылына оң әсер етеді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Барлығы 36 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алу жоспарлануда, оның 19-ы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен учаскелік полиция пунктеріне және тағы 17-сі жеке секторда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда екі мың жылдық тарихы бар құдық табылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы