Алматыда 3,6 магнитудалы жер cілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 2 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 16:56:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.2.
- MPV магнитудасы 3,6.
- Эпицентр координаттары - 43,07° солтүстік, 76,81° шығыс.
- Тереңдігі - 10 шақырым.
- MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балл сезілген.
ТЖМ министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде мұндай жер сілкіністерінің болуы қалыпты құбылыс.
Бақылау жүргізілуде. Жер сілкінісі салдары туралы қандай да бір ақпарат түспеді. Жалпы 2-3 балл - бұл өңір қалыпты құбылыс, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бағдатта 500-ден астам адам құмды дауыл салдарынан зардап шекті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы