Алматыда 356 адамды кене шақты
Алматыда эпидемиялық маусым басталғалы кене шаққан 356 адам медициналық ұйымдардың қызметіне жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда эпидемиялық маусым басталғалы кене шаққан 356 адам медициналық ұйымдардың қызметіне жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы баян етті.
Шағымданған 456 адамның 187-ісі – бала. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 1,5 есе азайған.
Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу арқылы жедел көмек дер кезінде көрсетіледі, - деді РСК спикері.
Маманның айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация алу.
Қалада екпені тұрғылықты жері бойынша тегін алуға болады. Вакцинация курсы 1-7 ай аралығында жүргізіліп, 2 кезеңнен тұрады. Вакцинация жыл бойы, соның ішінде эпидемиялық маусымда жүргізіледі.
Эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің ошағына баруға екінші вакцинациядан кейін 2 аптадан кешіктірмей рұқсат етіледі, - деп түсіндірді спикер.
Бірінші және екінші егу арасындағы ең оңтайлы аралық 5-7 ай (күз-қыс айлары).