21 Қараша 2026, 22:53
Фото: Скриншот
Алматыда 3400 метр биіктікте қалып қойған турист әйел құтқарылды
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оны қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.
Алматы қаласының Медеу ауданында, теңіз деңгейінен шамамен 3400 метр биіктікте орналасқан Т1 гляциологиялық станциясы маңында құтқарушылар турист әйелге көмек көрсетті.
1993 жылы туған әйел таулы аймақтан УСП №23-ке дейін аман-есен түсірілді. Одан кейін ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оны қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.
Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлауды, ауа райы болжамын тексеруді, телефон қуатын толықтауды және жақындарына жүретін бағыт туралы хабарлауды ескертеді.