Алматыда 33 мыңнан астам адам "Еңбек" бағдарламасының қатысушысы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Алматыда 33 мың 94 адам 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
21 мың 595 адам жұмысқа орналастырылса, оның 16 мың 292-і тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
"Алматыда 1636 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. "Бастау-Бизнес" жобасы аясында микрокредит алушылар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі.
Алматы қаласында микрокредитпен 114 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік грантты мемлекеттік бағдарламаның 50 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 193 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).
Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Алматы қаласында 5 мың 866 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 мың 219-ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 906-сы жастар практикасына және 3 мың 741 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.