Алматыда 32 бағыт бойынша жаңа автобустар жүре бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көптеген өтініштер бойынша Алматыда 32 бағыттың паркі 100 пайызға жаңарды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 жоспарлы көлік бірлігі бағыт бойынша қозғалады және тағы 2-і резервте. Бағыт жаңадан жеткізілген Zhontong маркалы 30 автобустың есебінен жаңарды.Мемлекеттік тіркеуден өтіп, "Оңай" қондырғысы орнатылған соң автобустар жұмыс істеуге дайын болады. Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған.
Автобустар табиғи газбен жүреді (CNG), кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа әліпби бойынша су – suw болып жазылады – профессор
Өзгелердің жаңалығы