Алматыда 30 тамызға дейін кандай көшелер жабылады?
Алматы қаласында 10 мамырдан 30 тамызға дейін жылу желілерін қайта құрылымдауға байланысты көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
Енгізілген шектеулер аталған көше жолының астынан өтетін жылу желілеріндегі шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілген.
Мысалы, Медеу ауданында Қазыбек би көшесімен (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін) өтетін жол жабылады.
Бостандық ауданында қозғалыс Ганди көшесімен («Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» ЖҚ-дан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін) тоқтатылады.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.
«Тұрғындарға қолайлы жағдайларды сақтау үшін олардың үйлеріне ыстық су уақытша схемалар бойынша беріледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді аналып жүру жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», – дейді «Алматы жылу жүйесі»
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы