Алматыда 30 маусымға дейін мерекелік іс-шаралар өткізілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ең ірі мегаполисіндегі барлық мәдени-бұқаралық іс-шара жергілікті биліктің шешімі бойынша маусым айының соңына дейін өткізілмейді.
Мұның барлығы қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және қалада коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында жасалып жатыр, - делінген хабарламада.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әлеуметтік-өндірістік саласы мен экономикасы COVID-19-дың таралу жағдайына байланысты біртіндеп қалпына келтірілетінін хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы