Алматыда 298 шақырым жолдың қатты жабыны жоқ
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3096,8 км құрайды. Оның қазіргі уақытта 298,5 шақырымының қатты жабыны жоқ.
Бұл туралы Алматы қаласы Мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов онлайн брифингте айтты.
Оның айтуынша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесінің көрсеткішін 95%-ға дейін жеткізу үшін 2025 жылға қарай 350 шақырымды жаңа жол салу көзделіп отыр. 2021 жылы – 40,4 км, 2022 жылы – 80 км, 2023 жылы – 78,6 км, 2024 жылы – 80,6 км, 2025 жылы – 70,4 км. Яғни жыл сайын ұзындығы кемінде 200 шақырымды жолдарға орташа жөндеу және 350 мың м2 астам асфальт-бетон жабынына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
Жыл басынан бері жалпы ауданы 125 393 м2 шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1 058 люктер мен торлар көтерілді, 3 188 шаршы метр жиектас түзетіліп, 93 914 ш.м жарықшақтар мастикамен құйылды, - деді ол.Мырзаханов сондай-ақ осы жылы ұзындығы 206,2 км құрайтын 212 көшеге орташа жөндеу жүргізілетінін, оның ішінде ұзындығы 43 км құрайтын 20 магистралдық көше екенін атап өтті.
Қазіргі таңда ұзындығы 92 км 95 көшеде жұмыстар аяқталды, оның ішінде ұзындығы 23,8 км 12 магистралдық және ұзындығы 68,2 км 83 жергілікті маңызы бар көшелер. Ұзындығы 46,3 км құрайтын 39 көшеде жұмыстар жалғасуда. Магистралдық көшелердің жол жөндеу жұмыстарын аяқтау және көліктің өтуін қамтамасыз ету қыркүйек айының соңына дейін, ал басқа аудандық маңызы бар көшелерді қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, - деді Мырзаханов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Өзгелердің жаңалығы