Алматыда 2,7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында "Алматы" ӘКК – нің еншілес компаниялары - "Almaty Finance"ЖШС және "Almaty" МҚҰ ЖШС арқылы 36,3 млрд теңгеге 656 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындарға бизнесті бастауға немесе дамытуға 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2% және 6% жеңілдікті мөлшерлемемен қарыздар берілді.

Өнеркәсіптік, инновациялық, экспортқа бағдарланған жобалар, креативті индустрия, шағын өнеркәсіптік парктер (ЖПП) жобалары, сондай-ақ Алматының арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарының аумағында іске асырылатын жобалар қарауға басым болып саналады.

Шағын өнеркәсіп парктерінің құрылысын қаржыландырумен қатар, бизнесті дамытуға арналған қарыздарды өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика және туризм салаларындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер алды. Сондай-ақ, спорт және халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2019 жылдан бастап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін 36,3 млрд теңге сомасына 656 жоба қаржыландырылды, 2 716 жұмыс орны құрылды.

Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген бюджеттен 25,3 млрд теңге қайтарымды-револьверлік қаражатты пайдалану есебінен 36,3 млрд теңге сомасына қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы