Алматыда 250 мың доллар салынған сейф ұрланды
Алматы полициясының қызметкерлері 250 мың АҚШ доллары бар сейфті ұрлады деген күдікпен Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы полициясының мәліметінше, 1989 жылғы күдікті бөтеннің жеке үйіне басып кіріп, ірі көлемдегі ақшасы бар сейфті алып шыққан.
Ұрлық болған кезде үйдің иесі болмаған. Бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Отағасының айтуынша, ол – жеке кәсіпкер. 250 мың долларды үйіндегі сейфте сақтаған, – дейді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Күдікті қамауға алынып, кінәсін мойындады.
Күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны көңнің арасына тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Ілияс Өмірсеріков.
ҚР Қылмыстық кодектің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жарияланбайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда 44 сарбаз инфекциялық ауруханаға жедел жеткізілді, 5 сарбаздан менингококк табылды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы