Алматыда 25 жоба жүзеге асты

Алматыда Әуезов ауданында «Халықтық қатысу бюджеті – 2022» бағдарламасы бойынша 25 жоба іске асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абаттандырылған нысандар:

  • №3, Ақсай, Мамыр және Тастақ шағын аудандарындағы 11 жаяу жүргіншілер аумағы;
  • №1, №3, №7, №8, №11, Достық, Мымыр-3 шағынаудандардағы 8 бос аймақтар;
  • Ақсай-2 шағынауданындағы 1 сквер;
  • №4, №6, №7 шағынаудандардағы 2 автосуару жүйесі, 3 жерде көгалдандыру төсеніштері төселіп, қоқыс жәшіктері мен орындықтарды орнату жұмыстары жүргізілді.

Жобаның негізгі мақсаты – қала аумағының сапасы мен жайлылығын арттыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өтініштері негізінде жүзеге асырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы