Алматыда 25 мамырдан бастап ойын-сауық орталықтары ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды сақтау туралы" 2020 жылғы 11 мамырдағы №27- қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Карантин кезінде СOVID-19 короновирустық инфекциясы таралуының алдын алу, объектілердің кейбір салалары қызметтерін шектеуді алып тастау кезекті кезеңінде Алматы қаласының тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысы жарияланды.

1. Алматы қаласында экономикалық белсенділікті қалпына келтіру аясында карантиндік тәртіпті сақтаумен қатар Алматы қаласы тұрғындарының короновирустық инфекциямен сырқаттанушылығын барынша төмендетуге бағытталан шараларды жүзеге асыра отырып 2020 жылдың 18 мамырынан бастап келесі нысандардың жұмысын қайта жандандыру (1-3 қосымшаларда көрсетілген шектеулерді сақтай отыра):

1)         БВУ, сақтандыру ұйымдары, МФО, брокерлер, ломбардар и айырбастау пункттері толығымен (бірінші басшының қарауы бойынша қызметкерлер санының 100%-на дейін);

2)         туроператорларды;

3)         ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелері.

2. 2020 жылдың 25 мамырынан бастап келесі нысандардың жұмысын қайта жандандыру (4-6 қосымшаларда көрсетілген шектеулерді сақтай отыра):

1) сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түліктік емес дүкендері (сауда алаңы 500 шаршы метрден асатын);

2) қоғамдық тамақтандыру жазғы алаңдарын қосып есептегендегі қоғамдық тамақтандыру нысандары;

3) хостелдерді есепке алмағанда, тұрғындарға тұру-жайы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандары (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.);

3. Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 2000 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес дүкендері үшін жұмыстарын дайындықтарын бағалаудан кейін жандандыруға рұқсат беру. Дайындыққа баға беру Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Алматы қаласы аудандық әкімшіліктері мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасынан тұратын жұмыс комиссиямен жүргізіледі.

Қалған нысандардың (сауда-ойын-сауық орталықтары,сауда үйлері, алаңы 2000 шаршы метрден аспайтын сауда нысандары, тұрғындарға тұру-жайы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандары, ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелері) жұмысын жандандыруға рұқсат 7-қосымшаға сәйкес "almaty.infokazakhstan.kz" порталында кәсіпорынның бірінші басшысының электрондық-сандық қолтаңбасымен расталған, нысанның дайындығы туралы хабарлама түскеннен кейін беріледі.

4. Алматы қаласының инвестиция және кәсіпкерлік Басқармасы қамтамасыз етсін:

1) келесі кезеңдегі шектеу қызметі алынып тастауға бекітілген нысандарға ақпараттық арналар арқылы, бейінді ассоциациялардың қатысуымен видеоконференция өткізу арқылы, қажетті ақпараттарды ресми веб-парақшаларда орналастыру арқылы хабарлама беруді.

5. Осы қаулыны меншік нысанына немесе ведомстволық тиістілігіне қарамастан барлық жеке, заңды тұлға және кәсіпкерлік субъекті орындауға міндетті.

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы