22 Ақпан 2024 2024, 12:21
Фото: - архив
Алматыда 232 адам Гонконг тұмауын жұқтырған
Алматыда ЖРВИ жұқтырған 22 235 адам тіркелген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда ЖРВИ жұқтырған 22 235 адам тіркелген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді.
Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 997,2%. Өткен жылдың қараша айынан бастап А/H3N2 типті тұмаудың (Гонконг тұмауын) 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық,– дейді Әсел Қалықова.