Алматыда 230 текше метр қар шығарылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында 20 желтоқсан күні сағат 13:30-да жауа бастаған қар үзіліспен сағат 21.00-ден әлі де жалғасуда. 21 желтоқсан сағат 6.00-дегі жағдай бойынша қалаға 6 см-ге дейін, таулы аймақтарға 8-10 см қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 4100 тонна материал пайдаланылды, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Жаяу жүргіншілер аймақтары мен таулы аудандарда қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Таңғы сағат 6.00-де 230 текше метр қар қар үйінділеріне шығарды. 21 желтоқсанға 596 техника бірлігі және 1610 жол жұмысшысы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін ауа температурасы күндіз -6, кешке қарай -8, қар күннің бірінші жартысында тоқтайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы