Алматыда 23-27 қараша аралығында кейбір аймақтарда жарық өшіріледі
Алматыда 23-27 қараша күндері электр желілеріне жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қаланың бірнеше ауданындағы тұрғын үйлер мен жекелеген нысандарда жарық уақытша сөндіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алматы электр желілері компаниясының (АЖК) мәліметінше, электр қуатының өшуіне желілердегі жоспарлы жөндеу және анықталған ақауларды жою жұмыстары себеп.
Жарықты негізінен сағат 08:00 немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін өшіру жоспарланған.
Электр жарығы өшірілетін аудандар мен мекенжайлар:
-
23 қараша: Самғау, Шаңырақ-2, Шуақты, Көктем-1, Орбита-4 шағынаудандары, сондай-ақ қаланың әр ауданындағы жекелеген көшелер;
-
24 қараша: Самғау, Ақжар, Рахат, Орбита-4 шағынаудандары, Райымбек даңғылының кейбір бөліктері мен Нүсіпбеков көшесі;
-
25 қараша: Самғау, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2, Ақжар шағынауданы, Таусамалы, Арқат және басқа да аумақтар;
-
26 қараша: Самғау, Ақжар, Қарағайлы, Таусамалы шағынаудандары, сондай-ақ Сейфуллин даңғылындағы жекелеген үйлер;
-
27 қараша: Таусамалы, Қарағайлы, Ақжар, Көктем-2 шағынаудандары және қаланың кейбір көшелері.
Тұрғындарға өз мекенжайының электр жарығын өшіру кестесіне кіретін-кірмейтінін алдын ала тексеру ұсынылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін мекенжайлар мен нақты уақыт көрсетілген толық тізімді АЖК сайтынан көруге болады.
Еске салсақ, бүгін, яғни 23 қарашада Астананың бірнеше ауданында жарық, су және жылу уақытша өшіріледі.