Алматыда 22 жастағы жігіттің өліміне қатысты тергеу басталды

Алматыда 12 мамыр күні жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде volontery_almaty_lider.kz парақшасы мәлімдеді.

2002 жылы туған Дамир Нұрбеделұлы 12 мамыр күні сағат 11:30-да Медеу ауданы, Думан ықшам ауданынан шығып кетіп қайта оралмаған. Еріктілердің айтуынша, жас жігіттің денесі 18 мамырда табылған.

Кісі өліміне байланысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған ер адамның мәйіті табылған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы