Алматыда 2021 жылғы сайлау мәселелері жөнінде Call-орталық ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы әкімдігі ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының сайлауы жөнінде ақпарат беретін колл-орталықтың ашылғанын мәлімдеді.

Енді сайлау учаскесін тексергісі келетін және дауыс беруге қатысу жөнінде мәлімет алғысы келетін қала тұрғындары 221-10-01 нөміріндегі бірыңғай колл-орталыққа хабарласып, мағлұмат ала алады. Ол жерде аранйы оқудан өткен мамандар сайлауға қатысты барлық заңнама нормаларын түсінідіріп береді.

Алматы қаласы умақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова бұл колл-орталықты ашудағы басты мақсат – қала тұрғындарына кеңінен ақпарат беріп, олардың сайлауға белсене қатысуын қамтамасыз ету екенін айтады.

Сайлауға 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматы қатыса алады. Бұл олардың Конституциялық құқығы. Дегенмен сайлауда дауыс беру үрдісі Қазақстан Конституциясымен қатаң белгіленген. Азаматтар үшін алдымен дауыс беру тізімінде болу, яғни нақты бір дауыс беру учаскесіндегі тізімде болуы. Бұл азаматтардың  нақты тұрғылықты жері бойынша жасалады. Осы мақсатта біз колл-орталығын ашып отырмыз. Қала тұрғындары ол жерге хабарласып, нақты қай учаскеде тұрғанын біле алады,-дейді Жанна Асанова. 

Айта кетсек, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген.

 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы