12 Сәуір 2021 2021, 15:24

Алматыда 200 вакцина салу пункті құрылды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда қалада 200 вакцинациялау пункті жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады

Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда қалада 200 вакцинациялау пункті жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада 2 сәуірден бастап халыққа жаппай вакцина салу жүргізілуде. Вакцинациялау үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени және спорт мекемелерінде, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталықтарында 250 вакцинациялау пунктін іске қосу жоспарланған. Қазір 200 вакцинациялау пункті жұмыс істеп тұр. Оған қоса қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сәуірдің 1-11 аралығында қала бойынша 75 660 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 14 800 қала тұрғыны вакцинаның екі компонентін де алды. Соңғы тәулікте Алматы қаласында 6 140 адам вакцинация алды, - делінген хабарламада.

Алматы қаласының аудандары бойынша вакцинация алған тұрғындар туралы ақпарат:

Алатау ауданы – 5 590 адам
Алматы ауданы – 16 665 адам
Әуезов ауданы – 11 560 адам
Бостандық ауданы – 15 250 адам
Жетісу ауданы – 2 685 адам
Медеу ауданы – 10 495 адам
Наурызбай ауданы – 4355 адам
Түрксіб ауданы – 9060 адам.