Алматыда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды

Күдікті ізі суымай ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм кикбоксшы Әли Серік екені анықталды.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

 Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізі суымай  ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Instagram Әли Серік
Өзгелердің жаңалығы