Алматыда 2 миллион адамға 636 мың көлік тіркелген
Алматыда мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 617 ЖКО тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 617 ЖКО тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Қалада 500 мыңға жуық шеткі аймақтардан келіп, кетеді. Осылайша, күніне қалада 1 миллионнан астам көлік жүреді. Егер республикада 5 миллионға жуық көлік тіркелген болса, олардың әрбір бесіншісі немесе 20 пайызы Алматыда жүреді.
Алматыда 2 миллион адамға 636 мың көлік тіркелген. Оңтүстік астанада қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы – жол қауіпсіздігі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының жалпы санының, соның ішінде жарақат алғандармен болатын ЖКО азайғаны байқалады. Алматыда мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 617 ЖКО тіркелді. Талдау көрсеткендей, зардап шеккендермен болатын жол-көлік оқиғаларының жалпы санының 16,1%-ы мопедтер мен самокаттардың жүргізушілерінің арасында орын алады. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі қиылыстарда болады, мопедистер «өлі аймақта» болғанда көлік жүргізушілері оларды көрмейді. Сонымен қатар, көптеген мопед жүргізушілері Жол қозғалысы ережелерінің негіздерін білмейді, - деді, Арыстанғани Заппаров.