Алматыда 197 ата-анаға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 маусым мен 18 маусым аралығында Алматы қаласының аумағында «Балалар түнгі қалада» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Нәтижесінде жасөспірімдерге түнде ата-анасынсыз кіруге рұқсат берген алты ойын-сауық мекемелерінің басшылары жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның бес күнінде ішкі істер органдарына әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 282 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 161-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, 35-і қараусыз және панасыз қалғаны үшін. Қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығына қараусыз қалған 15 бала орналастырылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар, сегіз жасөспірім мен 11 тұрмысы нашар отбасы анықталды және есепке алынды.

Кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында және үйлерінен тыс жерлерде жүргені үшін 197 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген балаларды ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін ойын-сауық мекемелерінің басшыларынан 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатудың 8 дерегі анықталды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Ұзабаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы