Алматыда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап қаза тапты

Алматыда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, қаза тапты. Аталған ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан аудан аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім артында қоштасу хатын қалдырған.

Бұл ақпаратты полиция растады.

Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы