Алматыда 158 келі есірткі тәркіленіп, 5 есірткі зертханасы жойылды
Есірткіні тарататын және жарнамалайтын 337 интернет-ресурс анықталды және бұғатталған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев мәлімдеді.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 264 құқықбұзушылық анықталды. Есірткі сатудың 116 фактісінің жолы кесілді. 158 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар 41 есірткі қойып кетуші ұсталды. Есірткіні тарататын және жарнамалайтын 337 интернет-ресурс анықталды және бұғатталды, - дейді Дәурен Көбеев.
«Наркостоп» қозғалысының еріктілерімен бірлесіп, есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3 мың 651 граффити суреті табылып, үстін бояп тастау арқылы жойылған.
Алматы полициясы 10 жастан асқан аудиторияға арналған әлеуметтік роликті таныстырады. Жасөспірімдерге түсінікті болу үшін танымал «Minecraft» балалар ойынының форматында жасалған, - деді Дәурен Көбеев.