13 Ақпан 2026, 14:36
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
Алматыда 15 жастағы оқушыны қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде
Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында 15 жастағы оқушыны қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға Алмалы ауданында күндізгі сағат 11 шамасында болған. Белгісіз жүргізуші Райымбек даңғылының бойындағы бұрылыста оқушыны қағып кеткен.
Жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан көліктің бұрылып жатып, жасөспірімді қаққанын көруге болады.
Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, қазіргі таңда оны ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алмалы ауданының полиция қызметкерлері тергеуді бастады, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
- 19 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:16
- Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды 12:52
- Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты 12:07
- Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды 11:49
- Қазақстандағы тасжолдардың бірінде аптап ыстықтан асфальт көтеріліп кетті 11:19
- Қазақстанның металлургия кәсіпорындары 19 трлн теңгенің өнімін өндірді 10:48
- Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады 10:16