Алматыда 1,5 млрд теңгеге салынған крематорий министрлікке керек болмай қалған

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Алматыда бюджеттен 1,5 млрд теңге жұмсап салынған крематорий Денсаулық сақтау министрлігіне керек болмай қалғанын айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, 2021 жылы салынған крематорий әлі күнге дейін іске қосылмай тұр. Себеп – әлі күнге дейін крематорийді қарауына алатын ұйым анықталмаған.

Нысанның денсаулық сақтау министрлігіне қажет болмай қалғаны белігілі болды, Жерлеу қызметтері бюросымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деді мәжілісмен.

Ол крематорий үлкен қала үшін маңызды нысан екенін атап өтті. Крематорий ғимаратында үлкен залдар, Чехияда жасалған газбен істейтін екі пеш бар. Барлық инженерлік желі тартылған.

Осындай крематорий қажет, өйткені биологиялық және медициналық қалдықтар өте көп. Күн сайын мұнда 16 мәйітті кремациялауға болады. Пандемия, эпидемия кезінде мұндай нысан өте қажет болады. Әсіресе, Алматы халқының саны шамамен 10-15 жылдан кейін 7,5 миллион адамға жететінін ескерсек, керек нысан, – деді Сергей Пономарев.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуірінде Алматы әкімдігі Әділет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне нысанның түпкілікті баланс ұстаушысын анықтау туралы ресми хат жолдаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы