Алматыда 15 көлдің жарылып кету қаупі бар

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы "Қазселденқорғау" ММ мамандары мореналық көлдерге аэровизуалды ұшу жүргізді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

 Департаменттің мәліметінше, Алматы аумағында 37 морена көлі бар, оның  ішінде 15 көлдің жарылып кету қаупі бар.
Олардың жағдайын жан-жақты бағалау мақсатында 11 мамырда  "Қазселденқорғау"  мемлекеттік мекемесінің мамандары мен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аэровизуальдық тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталғандай морена көлдері қысқы режимнен шығуда. Көптеген көлдер мұз және қармен жабылған. Көлдерден ағу байқалмайды, сондықтан қала тұрғындары мен қала инфрақұрылымына қауіп төндірмейді,-делінген хабарламада.


Осы жылы мореналық көлдерді босатудың алдын-алу жұмыстары Қарғалы, Ақсай, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде орналасқан жарылуға қауіпті 7 морена көлдеріне жоспарланған. Осы мақсатқа ҚР ІІМ ТЖ Комитетімен  республикалық бюжеттен  43 миллион теңге бөлініп отыр. 
Алдын алу жұмыстары осы жылдың маусым айында басталады, оларды іске асыру үшін жоғары қуаттылықтағы 10 сорғы, 10 тұрғын үй модулі, сифон құбырлары және басқа да қажетті техникалық ресурстар әзірленді. Сонымен қатар, сел жағдайы үнемі бақыланып отырады,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы