Алматыда 14 ошақтан шектеу алынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қалада 14 індет ошағынан шектеу алынғанын хабарлады.

Департамент дерегіне сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 14 індет ошағынан шектеу шаралары алынған.

Шектеу алынған ошақтар мекежайы:

- Алатау ауданы — "Заря Востока" ш/а, Сары-ой к-сі, 234;
- Алмалы ауданы – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;
- Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242;
- Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75; Достық к-сі, 111;
- Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;
- Түрксіб ауданы –  "Алтай-1" ш/а., 8;  "Жас Қанат" ш/а., 86; Майлин к-сі, 77; Спасская к-сі, 63а.

Сондай-ақ қазіргі таңда Алматы қаласы аумағында - коронавирус инфекциясы ошағының 31 аймағы бар:

- Әуезов ауданында – 6 ошақ аймағы: "Жетісу-2" ш/а., 70а; "Мамыр-4" ш/а., 313; 6 ықш./ауд., 35; 1 ықш.ауд., 28; "Мамыр" 4 ықш.ауд., 54; Афцинао, 4.
- Алатау ауданында – "Ақкент" ықшамауданы, 7; "Ақбұлақ" ықшамауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа батыр көшесі, 190 мекен-жайлары бойынша жұқтыру ошағының 5 аймағы.
- Алмалы ауданында — 3 ошақ: Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85, Байзақов көшесі, 232 мекенжайы бойынша орналасқан.
- Медеу ауданында – Қонаев көшесі, 62; "Самал-3" ш/а., 25; Достық көшесі, 116; Достық көшесі, 493 мекен-жайы бойынша 4 ошақ.
- Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; "Құлагер" ш / а., 45; Борзов к-сі, 85 мекен жайлары бойынша 4 ошақ.
- Түрксіб ауданында – 2 ошақ тіркелген: "Жұлдыз" ш/а., 45; "Жұлдыз-1" ш/а., 13.

- Бостандық ауданында — Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310; "Орбита-1" ш / а., 27; Байзақова көшесі, 299а; Байзақова көшесі, 42 мекен-жайлары бойынша 6 ошақ.
- Наурызбай ауданында – Береке көшесі, 1/97-де 1 ошақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы