Бүгiн 2026, 06:28 Фото: pixabay

Алматыда 14 гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Уәкілетті орган жүргізген тексеру барысында аталған жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қаланың Түрксіб ауданында орналасқан жалпы аумағы 14,6777 гектар болатын 8 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған дейін бұл жерлер «Алматы ЗТО» ЖШС-нің меншігінде болып, тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған еді.

Уәкілетті орган жүргізген тексеру барысында аталған жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды. Осыған байланысты жер иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, жерді жер заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану үшін белгілі бір мерзім белгіленді, – деп жазылған хабарламада.

Кейінгі бақылау тексеруінің қорытындысы бойынша қажетті шаралардың тек ішінара ғана орындалғаны анықталды. Атап айтқанда, аумақты тазалау және жер учаскелерінің біріне өңдеу жұмыстары жүргізілгенімен, ауыл шаруашылығы өндірісі іс жүзінде ұйымдастырылмаған.