Алматыда 1308 нөміріне 130 мыңнан астам қоңырау келіп түскен

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

Оның айтуынша, дәрігерлер індетті жұқтырғандарды және олармен байланыста болғандарды анықтап, науқастарды емдеп, сабырға шақыруда. 
Полицейлер мен әскери қызметкерлер, санэпидемиологтар карантин режимін қадағалауда. Коммуналдық қызметтер қаланы жылумен, сумен, газ және электр қуатымен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде. Дезинфекциялық бригадалар көшелер мен алаңдарды залалсыздандырып жүр, - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол барлық жұмысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб үйлестіріп отырғанын және ол жерге барлық жағдай бойынша ақпарат түсіп отыратынын мәлімдеді.
Күнделікті тіршілікті қамтамасыз ететін барлық жүйелердің қалыпты жұмысы үшін тәулік бойы түрлі шешімдер әзірленіп, қабылданады. Соның ішінде азық-түлік пен медициналық бұйымдарды уақытылы жеткізу мәселесі тұр. "Опен Алматы" базасында 1308 нөмірі бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Мұнда психологтардың да көмегіне жүгінуге болады. Бұл орталыққа 16 наурыздан бастап 130 мыңнан астам қоңырау келіп түскен, - деп жазды әкім.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы